Көше кезген жеткіншектер анықталды

835

Шымкентте «Жасөспірім» алдын алу-тексеру іс-шарасы өтті. 1 сәуірден басталған қоғамдық шараны қорытындылау үшін Еңбекші аудандық тәртіп сақшылары түнгі рейдке шықты. Полицейлердің айтуынша, түнгі уақытта көше кезетін жеткіншектердің саны азаймай отыр.

мобилді топ
Шұғыл топтың қызметкерлері

Еңбекші ауданы аумағындағы жастардың қадамын бақылау үшін ондаған шұғыл топ жұмылдырылған. Олар күн сайын кешке қала тыныштығын бақылайды. Бұл — жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтын алдын алу үшін қолға алынған бастама.

Ерлан Мұсаев, Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі: «Шұғыл топтың құрамында прокуратура қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен Еңбекші полиция бөлімінің мамандары бар. Баршамыз бірігіп, кәмелетке толмаған жастардың құқық бұзушылық пен қылмысына қарсы күрес жүргізіп жатырмыз.»

8019

8018

Рейдік-шараның алғашқы 2 сағатында тәртіп сақшылары ойын-сауық және компьютерлік клубтарды тексерді. Нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы әкімшілік кодекс бойынша талапқа бағынбаушылық оқиғалары «Теріскей» шағынауданында көп тіркелді.

Мұнда тәртіп сақшылары 10-16 жас аралығындағы ондаған жеткіншекті қолға түсірді. Олардың барлығы да шұғыл түрде Еңбекші полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдердің қасында ата-анасы болмасы да жасы үлкен туыстары жүр. Бірақ бұл жағдайда да олар әкімшілік жазадан құтыла алмайды.

8016

8017

Полиция бөлімшесіне қолға түскен жастардың ата-аналары шақыртылды. Түнгі қалада жүрген жасөспірім алғаш рет тәртіпке бағынбаса, онда ол ескерту жасалып, үйіне қайтарылады. Егер бұл әрекет қайталанған жағдайда ата-анасы 15 айлық көрсеткіш есебінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Небәрі 10 күннің ішінде полицейлер 100-ден астам әкімшілік хаттама толтырған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yfyGPDlh41I[/youtube]

Алмас Мырзахметов, Еңбекші полиция бөлімі бастығының орынбасары: «Қазіргі таңда 68 жасөспірімнің ата-анасына Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 44-бабының 2-бөліміне сәйкес іс-құжаттары, хаттамалар толтырылып, бүгінде сотқа жолдануда. Сонымен қатар 25 жасөспірім түнгі уақытта көше кезіп жүргенінің үстінен ұсталып, оңалту-бейімдеу орталығына орналастырылды. 7 мектеп оқушысынан суық қару, оның ішінде пышақ қарулары тәркіленіп алынды.»

Осы күні 2 сағаттың ішінде тәртіп сақшылары 15 жасөспірімді анықтады. Бұл рейд жуырда тағы да жалғасын табады дейді полицейлер.