Мұнай зауыты іске қосылды

Шымкенттік мұнай өңдеу зауыты өз жұмысын бастады. Бұл жайында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері хабарлайды.

Жоспарланған жөндеу жұмыстары Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы-ескерту жұмыстарынан 3 күн ерте біткен.

Қазіргі таңда зауытта мұнай өңдеу бойынша бастапқы құрылғылар іске қосылды және тауарлы өнімді өндіру жұмыстары басталды. Басқа өндірістік қондырғыларды іске қосу өндіріс технологиясына сәйкес жүргізілмек.