Жеңіс күніне орай Мақтаарал ауданындағы Шаблан Ділдабеков ауылында ескерткіштер жаңартылды. Жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен көнерген ескерткіштер жөнделіп, мүсіндер қалпына келтірілді.
Арнайы тақталарға ауданнан соғысқа аттанған майдангерлер есімі қашалып жазылды. Айта кетейік, Мақтаарал ауданында бүгінде жиырмаға жуық соғыс ардагері тұрып жатыр.
Ал Жеңіс ескерткіштерінің саны — 26. Жергілікті билік өкілдері бұл ескерткіштердің барлығы да жөндеуден өткен деп сендіреді.