Жемқорлықпен күрес — бүкіл халықтық міндет. Осыны ескерген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстіктегі департамент басшылығы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен меморандумға қол қойды. Жауапты қызметкерлер төртінші билік өкілдерін сыбайлас жемқорлықпен күресте бірлесіп әрекет етуге шақырды.
Сонымен бірге жемқорлықтың алдын алатын материалдар беруге сөз байласты. Екі жақты келісімге келді. Бұған қоса телеарна мен газет беттерінен арнайы айдарлар ашу жөнінде әңгіме өрбіді.