«Назар аударыңыз, мотоцикл!»

Шымкенттік байкерлер өздерінің жаңа маусымын ашуға дайын. Дегенмен, мотоцикл иелерінің айтуынша, маусым кезінде автокөлік жүргізушілері тарапынан көптеген кедергілерге тап болады екен. Осындай жайттардың алдын алу үшін байкерлер акция ұйымдастырды. Қаламыздың көшелерін жүріп өткен 20-дан аса мотоциклші үндеу жазылған парақшаларды таратты.

8796

Дмитрий Хайбуллин, мотоклуб мүшесі: «Жаздыгүні жол қозғалысы қиындайды. Бұл акцияны өткізудегі мақсатымыз — жол тораптарында, қала даңғылдарда бізге де орын бар екеніне назар аударту. Жол қозғалысы кезінде жүргізушілер бірін-бірі сыйласа ғана түрлі қайғылы оқиғалар азаяды деп ойлаймыз.»

Парақшаларда қарапайым ғана 4 ереже жазылған. Олар тек өзге жүргізушілердің жолда жүру ережелерін сақтап, жүргізуші этикасын ұстанғанын сұрайды. Сондай-ақ, өздері дн жол қозғалысына кедергі келтірмейтіндеріне сендірді.

Осы ретте автокөлік жүргізушілерінің пікірі екіге жарылды. Бірі — мотоциклшілер жол қозғалысына кедергісін келтіреді десе, енді бірі олардың да жолда жүруге құқылары бар, тек жол жүру ережелерін бұзбаса болды деген ойларын білдірді.

Осы тұста статистика сөз берсек, Шымкентте мотоциклшілердің қатысуымен орын алатын жол-өлік оқиғалары жиілеп кеткен. Биылдың өзінде бірнеше оқиға тіркеліп, 18 адам зардап шегіпті. Ал қаламыздағы байкерлердің жаңа маусымы 19 сәуірде ашылады.