ОҚГИ-дің құрылғанына 20 жыл толды

М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының құрылғанына биыл — 20 жыл. Осыған орай білім ошағында «Әлемдік жаһандану жағдайындағы ғылым мен білім мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Оқу ордасының түлектері, педагогтар құрамы, қонақтар оқу орнының ұжымын мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта өзара ынтымақтастық артады деп сенім білдірді. Сыйлықтар табыстады.

Севил Переева, Анкара университетінің кафедра меңгерушісі: «Біз осы оқу орнының оқытушылар құрамымен тығыз жұмыс жасаймыз. Түрлі ғылыми конференцияларды арнайы келіп, іс-тәжірибемізбен бөлісеміз. Түркияда көптеген қазақстандық студенттер білім алады. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту жүйесі бүгінгі таңда өте тиімді болып отыр және бұл екі ел үшін де қажет деп ойлаймын».

Іс-шараға қатысу үшін қонақтар Түркиядан, Қырғызстаннан арнайы келген. Ғылым кандидаттары білім саласы бойынша өзара тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми тұжырымдар оқыды. Білім ошағының жеткен жетістіктеріне тоқталды. Айта өтейік, Түркия оқу орындары мен ОҚГИ арасында тығыз қатынас үзілмеген.