"Жеңімпаздар" флэшмобы

«Елбасымен біргеміз». Бүгін осындай ұранмен ел Президентінің ұлықтау рәсімін қолдаған оңтүстікқазақстандық жастар мерекелік шара ұйымдастырды. Патриоттық әнге мыңнан астам жас атсалысып, «Жеңімпаздар» биін биледі.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hycZWxaPcqU[/youtube]

Елге деген риясыз сүйіспеншілік пен құрмет көрсеткен жастар қуана, би билеп, тарихи таңдау жасағандарын білдірді. Бұл мерекелік шараға мыңнан астам жас жұмылдырылған.

"Жеңімпаздар" флэшмобы

Ержан Есжанов, студент: «Қазіргі елдің тыныштығы, бейбіт өмірі, барлығы да – Елбасымыздың сындарлы саясатының жемісі! Биыл 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беру құқығына ие болдым. Өз болашағым үшін өзімнің таңдаған кандидатыма дауыс бердім».

Абзал Мелдехан, студент: «Жеңіске жетіп отырған Елбасымызды біз қашан да қолдаймыз! Елбасымыздың еткен еңбегі ерен! Сондықтан Елбасының жаңа жобалары мен стратегиясымен бірге алға қадам басамыз!»

11200802_1386907368303539_270857049362293660_n

Мемлекет басшысының саясатын ұлықтау рәсімінен облыс және қаланың зиялылары да қалыс қалмады. Олар белсенді топтың қадамдарын бақылап, марқайғанын бағамдап отырды.

Берік Уәли, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы: «Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің әр сөзінде, әр баяндамасында жастардың жәйін айналып өткен емес. Үнемі жастарға көңіл бөлінетіні, жастарға барлық жағдай жасап жатқаны, жаңа жобалар қолға алынып, оның жүзеге асуы да менің сөздерімнің дәлелі болса керек».

11200876_1386907204970222_8223839514976423345_n