«Оңтүстікполиметалл» компаниясының құрылтайшысы Тұрсынбек Асанбаев пен заңгері қамауда қала береді. Бұл туралы бүгін облыстық соттың аппеляциялық алқасының мүшелері мәлімдеді. Күні кеше Асанбаевтың қорғаушысы күдіктілерді кепілдікпен абақтыдан босатып, үй қамауына алу туралы өтініш жасаған болатын. Бірақ, бұл арыз-шағым қанағаттандырылған жоқ.
Еске сала кетейік, Шымкенттегі бір кездегі ірі кәсіпорынның құрылтайшысы әрі президенті мен компания заңгеріне «Альянс Банкі» соы мекемеге несиеге берген 61 миллион доллар көлеміндегі қаржыны қымқырды деп айып тағылып отыр.
[youtube]https://youtu.be/IqesM6oHnIU[/youtube]