фото: //e-kyzylorda.gov.kz

Бүгіннен бастап Шымкентте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері қоғамдық көліктерде тегін жүретін болады. Мұндай қадамға бару үшін қала әкімдігі мен көлік қауымдастықтары арасында меморандумға қол қойылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YqRur9tPvak[/youtube]

Бұған дейін жолаушыларды тасымалдаушылар ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен бірінші топ мүгедектерін тегін таситын еді. Бүгін осы меморандумның алғашқы күні қаладағы бағытта жүретін көптеген автобустарда батыр аналардың тегін жүретіні туралы жазылған парақша ілінбеген. Жаңалықтан бейхабар көпбалалы аналарымыз қуанып қалды. Десе де, тасымалдаушылар жасаған жақсылығын жария етсе дейді аналар.