Оңтүстікқазақстандық оқушылар биыл үшінші рет республикалық қазақ тілі олимпиадасының жеңімпазы атанды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен халықаралық «КАТЕV» қоғамдық қорының» ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Жарқын болашақ» VІІ республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасына қатысқан оқушылар 2013, 2014 жылғы жемісті нәтижелерін қайталады.

Бес мыңнан астам оқушы арасынан іріктелген 20 командадағы 171 оқушы арасынан оңтүстікқазақстандық өрендер ерекше білімділігімен дараланды. Облыс атынан білім сайысына қатысқан 12 оқушының алтауы жүлделі орындарды иеленді.

006

Байқау қорытындысымен 3 алтын, 3 қола медалді жеңіп алған Оңтүстік Қазақстан командасы І орынды иеленді. Екі оқушыға С.Демирел атындағы университетте, бір оқушыға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да тегін білім алу сертификаты табысталды. Жеңімпаздарды ОҚО білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Әуесханов күтіп алды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі