Оңтүстіктің оқушылары республикалық олимпиададан жеңіспен оралды

780

Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары республикалық олимпиададан жеңіспен оралды. Жас шәкірттер командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада топ жарып, екі бағыт бойынша «Үздік олимпиада командасы» атағын иеленді.

002

2015 жылдың 13-18 наурызы аралығында Батыс Қазақстанның Орал қаласында өткен жалпы білім пәндері бойынша республикалық олимпиадаға облысымыздан 34 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орынды иеленсе, үшеуі мадақтау номинациясы мен жоғарғы оқу орнына 5 грант сертификатына ие болды.

003

Оқышулар жаратылыстану-математика бағыты бойынша 1 алтын, 3 күміс және 8 қола медаль жеңіп алып, командалық үшінші орынды алды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша 7 күміс пен 5 қола жеңіп алып, командалық үшінші орынды иеленді.

004

Естеріңізге салсақ, өңір оқушылары 2012 жылы жаратылыстану-математика бағыты бойынша үшінші орынды, 2013-2014 жылдары қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша үшінші және бірінші орындарды иеленген болатын.

 

2015 жылғы 13-18 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларының қорытындысы туралы МӘЛІМЕТ

Жалпы, облыстан 34 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орынды иеленді. Қорытынды бойынша 12 медаль (1 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль) жеңіп алып, командалық 3-орынды және «Ең үздік олимпиадалық команда – 2015» атағын иеленді. Сондай-ақ, 3 мадақтама номинациясына, жоғары оқу орнына 5 грант-сертификатына ие болды.

Жүлделі орындар бөлінісі төмендегідей:

1-орын – 1 оқушы (Мекен Ерсұлтан, ҚТЛ-1 10-сынып оқушысы, география пәнінен);

2-орын – 3 оқушы (Пансат Нұрсұлтан ҚТЛ-1 10-сынып оқушысы физикадан, Елікбаев Сұлтан ҚТЛ-1 11-сынып оқушысы физикадан, Тойбазар Даулет ҚТЛ-1 9-сынып оқушысы биологиядан);

3-орын – 8 оқушы (Абибулла Али ҚТЛ-3 9-сынып математикадан, Руслан Әділет ҚТЛ-1 10-сынып математикадан, Дүненбай Абылайхан ҚТЛ-1 11-сынып математикадан, Амангелді Сағи ҚТЛ-3 9-сынып физикадан, Төлеген Ақжол ҚТЛ-1 10-сынып биологиядан, Әбдімомын Нұрсейіт ҚТЛ-1 9-сынып информатикадан, Тастанбеков Абылай ҚТЛ-1 11-сынып географиядан, Абдурасилов Алмен Сарыағаш №4 дарын 11-сынып географиядан)

3 мадақтама номинациясы:

Нұрғали Асылхан, Шардара дарын мектебінің 11-сынып оқушысы, физикадан «Ең үздік ауыл оқушысы — 2015» номинациясы, оны дайындаған мұғалімі Тахымбеков Сатыбалдыға «Ең үздік ауыл мұғалімі — 2015» және «Олимпиада шыңына жетелеуші – 2015» номинациясы тапсырылды.

5 оқушыға Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне Грант-сертификаты тапсырылды:

Нұрғали Асылхан, Шардара дарын мектебінің 11-сынып оқушысы, физикадан;

Хужабаев Медет, ҚТЛ-1 11-сынып оқушысы, информатикадан;

Нарова Дарина, Шымкент қаласындағы №15 Менделеев атындағы жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы, биологиядан;

Набиев Адхам, Түркістан қаласындағы №15 М.Жұмабаев атындағы көпсалалы мектеп-гиназиясының 11-сынып оқушысы, биологиядан;

Абдуллаев Айбек, ҚТЛ-3 11-сынып оқушысы, информатикадан.

 

Бұған қоса 2015 жылғы 24-28 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысының Атырау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларының қорытындысы туралы МӘЛІМЕТ

Біздің облыстан 36 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орынды иеленді. Қорытынды бойынша 12 медаль (7 күміс, 5 қола медаль) жеңіп алып, командалық 3-орынды және «Үздік олимпиадалық команда – 2015» атағын иеленді.

Сондай-ақ, 10 мадақтама, жоғары оқу орнының 2 грант-сертификатын және 25 пайыздық жеңілдікпен оқуға 1 сертификатын жеңіп алды.

Жүлделі орындар бөлінісі төмендегідей:

2-орын – 7 оқушы (Мырзабеков Шахрух ҚТЛ-3 10-сынып оқушысы қазақ тілінен, Ибрагиова Нозима ҚТЛ-2 10-сынып оқушысы қазақ тілінен, Клименко Иван Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы қазақ тілінен, Жанбаз Мухаммед ҚТЛ-3 11-сынып оқушысы құқық негіздерінен, Колпакова Оксана Шымкент қаласының Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы 11-сынып оқушысы орыс тілі және әдебиетінен, Әлиакбар Әсем ҚТЛ-2 10-сынып оқушысы ағылшын тілінен, Аманбай Бейімбет ҚТЛ-3 10-сынып оқушысы қазақстан тарихынан);

3-орын – 5 оқушы (Қасымбеков Досжан №8 дарын 11-сынып оқушысы француз тілінен, Ермахан Нұрдаулет ҚТЛ-3 11-сынып қазақстан тарихынан, Адамбек Айшабибі №8 дарын 11-сынып оқушысы ағылшын тілінен, Исмаил Дана ҚТЛ-2 10-сынып оқушысы ағылшын тілінен, Әлмағанбет Әлия Кентау дарын 10-сынып оқушысы орыс тілі және әдебиетінен).

2 оқушыға Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне Грант-сертификаты тапсырылды:

1. Салимжанова Әсел, ҚТЛ-2 11 сынып оқушысы;

2. Ордабек Әсем, Түлкібас ауданы Жаңаталап жалпы орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

1 оқушыға Алматы қаласындағы IT университетіне 25 пайыздық жеңілдік-сертификаты тапсырылды:

1. Базарбай Сабира, Мақтарал ауданы «Жеңіс» гимназия-мектебінің 11-сынып оқушысы.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі