Облыстың бас дәрігері тағайындалды

612

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Сейітжамал Орынбасарұлы Пакеев облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Сейітжамал Орынбасарұлы 1959 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты.

000

Сейтжамал Патеев еңбек жолын Қызылқұм ауданы, Талапты совхозы, Ленин атындағы бөлімшесінің жұмысшысы болып бастаған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген соң 1984-2006 жылдары Шымкент облыстық (қазіргі ОҚО) ауруханасының дәрігер-интерні, «Фосфор» өндірістік бірлестігі медицина-санитарлық бөлімі №1 емханасының дәрігер-невропатологы, қалпына келтіру емі кабинетінің дәрігер-невропатологы, облыстық шығыстық және халықтық медицина шаруашылық есептегі орталығының бас дәрігері, облыстық мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің бас дәрігері, облыстық медициналық-әлеуметтік түзету орталығының бас дәрігері, облыстық наркологиялық орталығының бас дәрігері, бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары, Шымкент медициналық колледжінің директоры қызметтерін атқарған. 2015 жылдың наурыз айынан бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі