Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданының шаруалары егісті терең қопсыту технологиясын қолдану арқылы өнім көлемін екі есеге арттырмақ. Биыл осы әдіс бойынша ауданда 2009 гектар жерге егін егу жоспарлануда.
Көктемгі дала жұмыстарына білек сыбана кіріскен отырарлықтар жаңа технология бойынша жер игеруді бастап кетті. Мұнда терең қопсыту технологиясының көмегімен нақтыланған жұмыстың қазір тоқсан пайызы іске асыпты.
Айта кететін жайт, терең қопсыту әдісі үшін аудан дихандары 6 жаңа техниканы лизингке алған. Жоспар бойынша өнім көлемі ұлғайса, мұндай техниканың саны 2016 жылы тағы да артпақ.