Сәбилерді ұрып-соққан күтушінің соты басталды

414

Шымкентте екі бүлдіршінді өлімші етіп сабаған бала күтушіне қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушының үстінен қасақана ауыр дене жарақаттарын салу және қинау дерегі бойынша қылмыстық іс жүргізілуде.

006

Еске сала кетейік, Шымкентте өзіне қарау үшін сеніп тапсырылған балаларды ұрып-соққан күтуші 2015 жылдың ақпан айында ұсталған болатын. Өкінішке орай, соққы жеген 4 жасар қыздың өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Бүлдіршін үш күннен соң шетінеп кетті.

Ал тас жүрек бала күтуші мұндай әрекетке балалардың анасының жалақыны уақтылы бермегенінен барғанын айтыпты. Енді қамауда отырған 33 жастағы Шымкент тұрғыны 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.