Көктемнің алғашқы нөсерінен кейін пайда болатын саңырауқұлақтар қаладағы сауда орындарын жаулай бастады. Әзірге Бәйдібек және Қазығұрт аудандарынан тасымалданып жатқан қозықұйрықтың бағасы анағұрлым қымбат. Дәл осы саңырауқұлақтан былтыр 14 адам уланып, өлім аузынан қалды дейді мамандар.

006

Базар сөрелерінен саңырауқұлақтың барлық түрін кездестіруге болады. Бағасы әзірге әр келісіне 700 теңгеден басталып, 1000 теңгеге дейін барады. Алайда бұл қымбатшылықтың ұзаққа созылмайтынын саудагерлердің өздері де мойындайды. Жуық арада өзге де аудандардан саңырауқұлақ тасымалданатын болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OU7xwgBu64I[/youtube]

Қозықұйрық шыға салысымен азық етіп дайындап, жеуге құмарлар көп. Алайда дәрігерлер бұл өнімнен келетін қауіптің басым екенін алға тартады. Былтыр саңырауқұлақтан 15 адам уланған. Ал биыл мұндай жағдайға әзірге тіркелмепті. Дегенмен ақ халаттылар қозықұйрықты иммунитеті төмен адамдарға қолдануға кеңес бермейді.

Дәрігерлер бұл өнімді міндетті түрде екі-үш рет қайнатып барып, одан кейін асқа қолдану керек деп кеңес береді.