«Самал» балабақшасы ашылды

475

Шымкенттегі балабақшалардың саны тағы біреуге артты. 10 сәуір күні қаладағы 320 орындық «Самал» жаңа балабақшасы пайдалануға берілді. Мектепке дейінгі ұйымның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков қатысып, өңірімізде «Балапан» бағдарламасының аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Z7tPgQdOn-8[/youtube]

«Балапан» бағдарламасы аясында салынған нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 472 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Екі қабатты жаңа ғимаратта 18 топ ашылып, бала тәрбиесіне қажетті барлық жабдықтармен қамтылған.

Тәрбиеленушілер үшін үлкен ойын бөлмесі, жатын орындар, медицина бөлмесі, спорт залы, асхана қарастырылған. Балаларға тәрбие және білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілмек.

Әр бөлме сол топ балалардың жас ерекшелігіне қарай жасақталған. Мұнда бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне сай ақыл-ойын дамытатын алуан түрлі ойыншықтары бар.

Еске сала кетейік, Шымкеттегі ірі екі балабақшаның құрылысы көктемде толық аяқталған еді. Енді жыл соңына дейін облыста 13 балабақша пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі