Айналаны көгалдандыру — жалпыға ортақ ізгі міндет. Бұл іске жастардың белсене араласуы еліміздегі жас буын өкілдерінің экологиялық мәдениетінің жоғарылығын көрсетеді.
Осы орайда Сарыағаш ауданында жастар орталығының ұйымдастыруымен «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты акциясы өтті. Аталған шараның мақсаты — жастарға игі үлгі беріп, олардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, экологиялық тәрбиені насихаттау.
Бұл акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған «Менің Қазақстаным» пойызының делегаттары да атсалысты. Сарыағаштық 200 жас пойыздағы түрлі сала мамандарымен бірлесе 1000 түп ағаш отырғызды. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады дейді жастар.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі