Шымкент зообағын енді велосипед немесе пойызбен аралауға болады

908

Шымкент зообағын енді велосипедпен немесе шағын пойызбен аралауыңызға болады. Басшылық бұл жағдайды келушілердің санын арттыру үшін жасап отыр.

008

Тіпті мұнда «Қиял әлемі» техносаябағындағы аттракциондарды орнату үшін саябақ жетекшілігімен келісім-шарт та түзіп қойылыпты. 30 гектар аумақта орналасқан зообақтағы қалай араласаңыз да өз еркіңіз. Бұл жаңа бастаманы келушілер де қолдап отыр. Бірақ ақысы қымбаттау дейді. Бұған зообақ директорының міндетін атқарушы Нұрғазы Бұхарбаев аттракцион бағасына біз жауап бермейміз деп мәлімдеді.

007

 

Оның айтуынша, аттракциондарды осында орналастыру үшін зообақтың басшылығы «Қиял әлемі» техносаябағымен келісім-шарт түзген. Сондықтан бағасын белгілеу қызмет көрсететін мекеменің құзырында көрінеді.

Зообаққа қазіргі таңда кіру бағасы 3 пен 5 жас аралығындағы балалар үшін 100 теңге, ересектер үшін 300 теңге. Түскен табыс көріктендіру жұмысына жұмсалуда. Оған қоса 195 түрі бар жануарлар мен құстардың санын көбейту арқылы сирек кездесетін аңдарды да сатып алу жоспарда.

Латифша Әлиев, Шымкент зоологиялық саябағы директорының ғылымдар жөнінде орынбасары: «Ресейдегі зообақтармен байланысымыз бар. Келешекте мешін, керіктің ұрғашысын, құстардың бірнеше түрін сатып алуды жоспарлап отырмыз. Біздің жақында туған ботамызға өзге зообақтардан қызығушылық бар. Жануарлардың 43 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Бұқа, пони, кербұғыдан төл алдық. Енді оларды айырбастаймыз не сатамыз.»

Осындағы жануарлар мен құстардың тұрмысын жақсарту мақсатында осыдан екі жыл бұрын басталған жаңалау жұмысы барысында зоосаябағының 30 гектар жер алқабын 5 аймаққа бөлу көзделген. Құрылысы баяу жүріп жатқан Африка аймағы тек екі жылдан кейін ғана пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мұнда сусиыр, керік, түйеқұс, алақұлан орналасады.