"Сәуле" шағынауданындағы мешіт

Шымкентте мешітке ұры түсті. Алаяқ жамағат қайыр-садақа деп салған қаржыны қолды еткен. Бұл жөнінде қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов мәлімдеді.

"Сәуле" шағынауданындағы мешіт
«Сәуле» шағынауданындағы мешіт

IMG_9103

IMG_9105

IMG_9104

Дін өкілінің айтуынша, оқиға «Сәуле» шағынауданындағы мешітте 8 сәуір күні кешкі сағат 20:00 шамасында орын алған. Ол уақытта мешіт имамы тұрғындардың сұранысы бойынша үйді-үйді аралап, Құран аяттарын бағыштауға кетсе, күзетші даладағы тазалық шаруасымен айнылысып жүріпті.

Бақдәулет Әбдірахманов
Бақдәулет Әбдірахманов

Бақдәулет Әбдірахманов, Шымкент қалалық Абдул Хамит Хаттани атындағы мешітінің бас имамы: «Ұры мешіттегі жәшіктің қақпағын бұзып ашып, ақшаны алып кеткен. Дереу полицияға хабарланды, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Ол қаланың сыртындағы мешіт, көп адам келмейді, сондықтан жинақталған қаржының сомасы  көп болса 10-15 мың теңге деп топшылап отырмыз. Иманды адам мешіттің мүлкіне ешқашан қол салмайды, ол мешіттен тыс, бейтаныс, сыртта жүрген бір кісі болуы мүмкін.»

Өкінішке орай, Алланың ақ үйіне орнатылған бейнеқондырғыға қаржыға қол салған алаяқтың бет-бейнесі түспей қалыпты. «Сәуле» шағынауданындағы 100 адамға шақталған бұл мешіт осыдан 10 жыл бұрын ашылып, ел игілігіне берілген.

Айта кету керек, соңғы рет қаламызда мешітке ұру түсу жағдайы өткен жылы ақпан айында орын алған. Нәтижесінде, 18 жасар жігіт қолға түскен еді.