Шымкентте «Сенің даусың маңызды!» акциясы жалғасуда

303

«Сенің даусың маңызды!» Шымкенттен сайлауға арналған осындай акция жалғасуда. Бұл бастамаға бүгін қаланың 12 кәсіпкері қолдау білдірді.

Бүгіннен бастап «Ладушки » кондитерлік дүкендер желісі өз өнімдерін өзгеше безендіруге кірісті. Нан өнімдерінде ұлттық кәсіпкерлер палатасының арнайы жапсырмалары жапсырылған.

Жаңаша орамалар жергілікті тұтынушылар көңілінен шығып отыр. Ал бастамашыл топ осылайша елдегі саяси науқан кезіндегі халықтың белсендігілін арттыруға күш салмақ.