Шымкентте жылына 15 миллион түтікше шығарылады

340

Шымкенттегі «Экофарм» зауыты жылына 15 миллион түтікше шығарады. Бұл зауытта адамның күре тамырынан вакуумды жүйеде қан алатын пластикалық түтікшелер мен арнайы инелер шығарылады.

003

Еліміздегі бірегей кәсіпорын. Медицина саласына қажетті осындай өнімді өзімізде өндірудің нәтижесінде адам ағзасынан қанды алу, сақтау және оны тасымалдау кезінде науқастар мен дәрігерлердің түрлі дерт жұқтырып алу қаупі мейлінше азайып отыр дейді сарапшылар. Бүгінде отандық өнімге өз елімізден бөлек шетелдерден де сұраныс артып отыр.

Түрлі диаметрдегі түтікшелер зауытта құйылған соң іші тазартылып, арнайы реагенттер құйылады.