Түркістанға «Менің Қазақстаным» пойызы келді

388

Түркістан қаласына «Менің Қазақстаным» пойызы келді. Жергілікті тұрғындар отарбамен арнайы келген дәрігерлер тобынан, заңгерлерден кеңес алып, кейбірі құжаттары мен денсаулықтарын тексертіп жатыр.

003

«Менің Қазақстаным» әлеуметтік жобасының аясында Астанадан бұл пойыз 23 наурызда сапарға шыққан болатын. Осы уақыт ішінде ол еліміздің бірнеше өңірлерін аралап шықты. Құрамында Мәжіліс депутаттарынан бастап, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәдениет қайраткерлері, дәрігерлер бар. Әлеуметтік шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналып отыр.

004

Шалғайдағы елдімекендерге медициналық және түрлі әлеуметтік қызмет көрсететін пойыз 30-ға жуық ауылға аялдап, Елордаға 22 сәуірде оралады. Оның аясында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып, «Теңдессіз сыйлық» акциясы аясында аймақтық кітапханаларға құнды басылымдар топтамасы да тарту етіледі.

006

Сондай-ақ, ауылдағы ағайынға кәсіпкерлік, оралмандардың бейімделуі, жұмысшылар құқығының қорғалуы, техникалық мамандықтарды меңгеру бағыттары бойынша заңнамалық кеңестер беріледі.

002

Қазақстан халқы Ассамблеясының — 20, Ұлы Жеңістің — 70 және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай жолға шыққан пойыздағы түрлі мамандар түркістандық тұрғындарға тегін кеңестер беріп, арнайы бағдарлама аясында ұйымдастырылған шараларға қатыспақ.

«Менің Қазақстаным» пойызын облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов пен Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев бастаған жергілікті тұрғындар қарсы алып, қонақтарға құрмет көрсетті.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі