Театрлар фестивалі жалғасып жатыр

320

Қазақстан ұлттық театрларының ІІІ республикалық фестивалі жалғасып жатыр. Бүгін республикалық неміс драма театрының ұжымы Брехттің «Ия, жоқ» қойылымын сахналады. Спектакльді студенттер мен ұстаз және балақайдың бастан өткерген оқиғасы көрініс тапқан.

007

Тіпті өмір мен өлім арасында қалған жәйттер де сомдалды. Басына күн туған ана мен бала қоғамның көмегіне жүгінеді. Ал шытырманға толы бір жарым сағаттық спектакльдің қоюшы режиссері — Наталья Дубс. Бұл еңбектің ерекшелігі сол — басты кейіпкер болған жоқ.

— Сахнада үлкен қобалжу сынды түрлі сезімдер болды, себебі үлкен сахна, басқа сахна, ал біз, негізінен, кішкентай, шағын сахнада ғана өнер көрсетіп келдік. Өзіміздің театрдың сахнасы да кішкентай. Сондықтан болса керек, алғашында образға енуде сәл-сәл қиындықтар болды. Бірақ бар өнерімізді салып, рөлді сомдадық. Өзімізге ұнады немесе көңілімізден шықты деп пікір айтуға әлі ерте, қазылардың шешімін күтеміз, — дейді театрдың жас әртісі Толғанай Бейсенбаева.

Бұған дейін еш жерде сахналанбаған шығарманы көруге келген өнерсүйерқауымның да қарасы қалың.

Марал Базарбаева, көрермен: «Әрине, әртістердің шеберлігіне шүбә келтірмеймін. Бәрі тамаша ойнап жатыр. Бірақ, неміс тілін меңгермегендіктен, мағынасын онша түсінбедім. Алдымызға келген қойылым оқиғасы жайында жазылған кітапшаны оқып барып, шығарманы ұққандай болдым».

Ксения Мукштадт, республикалық неміс драма театрының әртісі: «Мен бірінші бөлімде студентті сомдадым, қызықты рөл, бәрі жақсы. Бірақ үлкен сахнада небәрі 3 адамға жұмыла ән салу, ондағы өлең жолдарын көпке жеткізу оңайға түскен жоқ. Алайда көрермен қошемет көрсетіп, қол соғып отырды. Менің ойымша, біздің қандай әсерде болғанымызды Оңтүстік жұртшылығы түсінді. Осы үшін қуаныштымын».

қазылар алқасы
қазылар алқасы

Айта кетейік, 34 жылдық тарихы бар республикалық неміс драма театрының шығармашылық ұжымында 35 әртіс қызмет етеді. Бүгін оның алтауы Оңтүстік көрермендері алдында өнер көрсетті.