Тельмандағы көпірдің құрылысы сәуірдің соңында аяқталады

347

Бүгін белгілі болғандай, қаладағы Әл Фараби көшесі мен Тұрар Рысқұлов даңғылының қиылысындағы көпірдің құрылысы сәуірдің соңында аяқталады. Жауапты мамандар осылай деп уәде беріп отыр.

001

Көпірдің монтаждау жұмыстарын «ЖБИ-С» мердігер компаниясы жүргізуде. Ал Темірлан тасжолы мен айналма жолдың аралығындағы бөлігіндегі құрылыс жыл соңына дейін жалғасады. Жолдың құрылыс жұмыстары «Түркістан жол сервис» серіктестігіне міндеттелген.

Былтыр бастауын алған құрылыс барысында көше кеңейтіліп, инженерлік коммуникациялар ығыстырылып, ирригациялық жүйелер де салынуда. Дегенмен, бір айта кетерлігі, құрылыс жұмыстарының салдарынан туындаған ыңғайсыздықтар тұрғындарды мезі етіп үлгеріпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6KRdhGMq39Y[/youtube]

Әл Фараби көшесіндегі жолды қайта жаңалау жұмыстарының бір бөлігі Сыпырған ата және Юсупов көшелерінің аралығында жүргізілуде. Мұндағы техника жолдың негізін қалау және оны бекітумен айналысады.

Қаланың іргесіндегі айналма және Темірлан тасжолы аралығындағы жол бөлігінде тағы бір көпір салу жоспарда бар. Жұмыс кестесіне ауа райы да өз әсерін тигізуде. Жауын-шашын кезінде құрылыс уақытша тоқтатылған. Тапсырыс беруші жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары нысан белгіленген мерзімде тапсырылады деп сендіруде.