Шымкент қалалық №2 перзентхана қоныс ауыстырды. Ұжым жаңа ғимаратқа көшіп жатыр. Олар бұрынғы қалалық № 1 балалар ауруханасының ғимаратына қоныс тепті.

003

Көшіп-қонудан қолы тимей жатқан перзентхана дәрігерлерінің біраз бөлігі құрал-саймандарын құнттап, орын-орына жайғастырып жатса, енд ібірі жұмысына білек сынана кірісіп кетіпті.

Жаңа перзентханада 11 босану бөлмесі бар. Мұнда соңғы бір тәулікте 20 сәби дүние есігін ашыпты. Солардың бірі — Алижан мен Жасын Сапарұлы жаңа қоныс тепкен перзентханада алғашқылардың бірі болып дүниеге келді. Бұған дейін 3 баласын бұрынғы перзентханада босанған Динара Нысанова мұндай жақсы жағдай жасалғанын айтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ggZpyb5aY0A[/youtube]

120 орынға шақталған перзентханада босанатын әйелдер мен олардың нәрестелері үшін барлық жағдай қарастырылған. Әсіресе, мұндағылар жаңа ғимараттың бөлмелері кең әрі көп екеніне қуанады. Айтуларынша, толғағы қысып келген әйелдерді енді жеке-жеке палатаға жатқызып босандыруға мүмкіндік бар.

Қазір Шымкентте 8 емхана болса, осы перзентханаға қаладағы орталық № 1, 2, 6, 8 және № 9 емханаларда тіркеуде тұрған келіншектер босана алады.

Статистикаға сүйенсек, 2014 жылы №2 перзентханады 7600-ден астам сәби туылған. Перзентхананың жаңа мекенжайы: Алдияров көшесі, № 60 үй.