Осы сәттерде Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Күн жылына шаһарда жүргізушілер асыға күткен жұмыстар қолға алынды. Көпшілікті, әсіресе, қысқы жауын-шашыннан бүлінген жаяу жүргіншілер жолы да алаңдатып отыр.
Арғынбеков көшесіндегі «ТЖС» ЖШС салған жаяу жүргіншілер жолын «Комби строй» компаниясы су құбырларын жүргізу барысында талқандап, қалпына келтірмегені анықталды. Қазір осы жол бөлігі қайта қалпына келтіріле бастады. Қолына күрек, кетпен ұстаған құрылысшылар жұмысты сапалы жасауға уәде беріп отыр.
Айта кету керек, Шымкентте талқандалған жолдар көп.