Бүгін «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының өңірдегі филиалында ерекше байқау өтті. Мұнда облысқа қарасты барлық қала-аудандардан келген 12 педагог бағын сынады. Олардың барлығы орталықта біліктілігін арттырған.
Бұл ұстаздар — білім берудің жаңа технологиясын меңгеріп, емтиханнан сүрінбей өтіп, арнайы сертификат алғандар. Олар екі күнге жалғасатын байқау барысында теория жүзінде алған білімдерін тәжірибе жүзінде көрсететін болады.
Жалпы, байқауға қатысушылар мен ұйымдастырушылар білім беру саласында еуропалық стандартқа көшудің кезеңі жеткенін айтады.