Шымкентте Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тәуке ханның таңғажайып ерліктері» атты тарихи-анимациялық шеру өтті.

Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығына арналған шеруге Сарыағаш қаласының дарынды балаларға арналған №4 мектеп-интернаты мен Менделеев атындағы №15 мектеп лицейінің оқушылары және «Жадыра», «Айдана» балабақшаларының бүлдіршіндері қатысты.

Одан кейін «Жадыра» балабақшасында «Қазақ хандығының құрылуы», «Жеті жарғы және Әз Тәуке хан» атты сахналық көріністер қойылып, «Тәуке хан», «Абылай хан» және тағы басқа тарихи-анимациялық фильмдер көрсетілді.