Жастар ардагерлермен кездесті

640

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран!» Облыстық мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік танытқан ардагерлермен кездесу өтті.

006

Сұрапыл қан майданында қолына қару алып, жауға қарсы шыққан кешегі сарбаз, бүгінгі ардагерлердің бірі – Қаратай Төребеков. 92 жастағы қария майданға 17 жасында аттанған. Балтық майданында қатардағы жауынгер болып қабылданған қарт азапқа толы соғыс жылдары кез келген майдангердің жүрегіне өшпес жара салғанын жасырмайды. Айта кетейік, соғыс ардагері Қаратай Төребеков Жеңістің 70 жылдығына орай Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысады.