Шымкенттегі жаңа технологиялар колледжінде «Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет» атты семинар-кеңес өтті.

Оны Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы біріге отырып ұйымдастарған. Бұл туралы агенттіктің баспасөз орталығы хабарлайды.

002

Аталған іс-шараға департамент, прокуратура, ішкі істер департаменті, сот саласы, білім саласы қызметкерлері қатысты. Жиында прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою мәселесі бойынша баяндамалар жасап, осы тақырыпта түрлі бейнероликтер көрсетілді.

003

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Г.Мұсабекова қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді. Онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жан-жақты талқыланып, бұл індеттен арылуды әр адам өзінен бастау керектігі туралы айтылды.

005