Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған азамат ұсталды

484

Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтап келген 22 жастағы азамат қамауға алынды. Облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы бөлімімен бірлесе отырып, шұғыл-іздестіру шарасы барысында қылмыстық топты әшкереледі.

8143

Әзірге анықталғаны — күдіктінің үйінің ауласынан Шымкент қаласы мен Қызылорда облысының 5 тұрғыны — 1983, 1993 және 1996 жылы туылған азаматтардың РПГ — 22 атыс құралын, 16 калибрлі 2 дана шолақ мылтық пен 16 калибрлі аңшы мылтығын, 5 дана аңшы мылтығының оқ-дәрісі , сонымен қатар, салмағы 15 граммды құрайтын 2 дана марихуананы сақтап келген.

Сот-криминалистик сараптама нәтижесінде тәркіленіп алынған оқ ататын қару жарамды деп табылды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары құралдардың шығу тегін анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.