Биыл да Қауысбек Тұрысбеков атындағы қайырымдылық қоры жеңіс мерекесіне орай ардагерлерге тарту жасады. Қордың қызметкерлері жылдағы дәстүрге сай қаладағы тыл еңбеккерлері мен екінші дүние жүзілік ұрысқа қатысқан майдагерлердің үйіне арнайы барып ,соғыс жылдарын еске түсіретін сый табыс етті.

IMG_0798

 

Ибадулла Тұңғышбайдың шаңырағы мереке қарсаңында шаттықа толды. Бейбіт өмір жолында жаумен алысқан ардагер атайды туыстарынан бөлек Қауысбек Тұрысбеков атындағы жеке қайырымдылық қорының мүшелері де құттықтап барды. Арнайы сыйын табыстады. Бұл тарту қария үшін қымбат. Ол соғыс күндеріндегі қаруласымен бөлісіп жеген тағамдарынан еске түсірерлік тарту жасағандарға дән риза.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=sFeRBKmmi44[/youtube]

Ибадулла Тұңғышбай, соғыс ардагері: «Бұл қалтадағы тағамдарды көріп соғыста қарулас жолдастарымен бірге тамақтанғаным есіме түсіп кетті. Қаншама жылдар өтсе де сол қиын күндерді ұмыту оңай емес. Ең бастысы, бастан кешірген қиыншылығымызды өскелең ұрпақ қадірленіне ризамыз.»

Консервіленген банкілер, түрлі ботқалар және құрғақ тағамдар қан майданда шайқасқан жауынгерлердің күнделікті асы болды. Қауысбек Тұрысбеков атындағы жеке қайырымдылық қоры мұндай шараны үшінші жыл қатарынан жасап отыр.

vlcsnap-2015-05-06-17h40m46s29

Айта кетейік, мамыр айының соңына дейін қайырымдылық қорының атынан қаладағы тыл және соғыс ардагерлеріне осындай сый табысталмақ.