Қазығұрттың лимоны құлпырып тұр. «Сейдахмет ата» ЖШС-не қарасты 6 соттық жерге асқан күтім мен бапты қажет ететін осынау жеміс көшеті отырғызылған. Бес жыл бұрын қолға алынған бұл шаруашылық жылына 3 мың тоннаға дейін өнім береді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XOk3EAk8PgI[/youtube]

Бабы келіссе жомарт жерде жеміс бермейтін дақыл жоқ. Әйтсе де анау-мынау жерді жерсінбейтін жеміс дақылдарының бірі- лимон. Күнгейде егілген кірпияз көшеттің әрбір түбінен қазір шаруалар 50 келіге дейін өнім алып жатыр.

Серіктестік жұмысшысы Атабек Салиқов лимон көшеттеріне күтім жасауды бес саусақтай біледі. Арнайы курстан дәріс алған бағбан алты соттық жерден тонналап өнім алады.

Серіктестікке қарасты 4 гектар жерге қызынақ егілген. Заманауи үлгіде жабдықталған жылыжайда 150 мың түп көшет өсіп тұр. Жылына 450 мың тонна өнім Астана, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтіледі. Қазығұрттың қызанағына шет мемлекеттерден де сұраныс түсіп жатыр.

Қазір серіктестікте 40 шақты жұмысшы істейді. Маусым кезінде оншақты терімші жұмылдырылады. Шаруашылық өкілдері алдағы уақытта жылыжай аумағын кеңейтіп, өнім түрлерін көбейту ниетте.