Әке аманаты орындалды

294

Төлебилік Қожахметовтер әулеті ата алдындағы борышын өтеді. Олар Ұлы Отан соғысы кезінде Мәскеудің Псков облысы Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында жерленген атасы Әубәкір Қожахметовтың топырағын туған жеріне жеткізді. Араға жетпіс жылды салып жеткен бұл хабарға Қожахметовтер әулеті дән риза. Өйткені, әке алдындағы аманат орындалды.

Кожахметов 2

Көңілі толқулы Қожахметов Болатбайдан оқиғаның мән-жайын сұрағанымызда барған сапары жайында бізге былай деді:

— Псков облысының Новосокольники ауданындағы Казачиха деревнясын жау қолынан азат ету үшін қиян-кескі соғыс жүріп жатқан шақ екен. Осынау ұрыста 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальон сарбаздарының басым бөлігі көз жұмған екен. Айтулы майдан даласында қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова да ерлікпен қаза тапты. Майдан даласында опат болғандардың ішінде қатардағы жауынгер Әубәкір Қожахметов те бар еді. Әубәкір — әкеміздің інісі. Әкеміз біздің кішкентай кезімізде «Әубәкір деген аталарың болған. Ол кісі Отан алдындағы борышын өтеу үшін майданға аттанды. Содан хабар болмады. Енді аталарың жайлы мәліметті іздестіріп, топырағын елге жеткізу сендердің міндеттерің» дегені бар. Осы өсиетті орындау мақсатымен Ресейге атамыз жайлы іздеу салған болатынбыз. Араға біраз уақытты салып, өткен жылдың күзінде хабар келді. Атамыз Әубәкірдің майдан даласында ерлікпен қаза тауып, жерленген екен. Жақында Мәскеуге жолға шығып, еріктілердің көмегімен табылған ата сүйегін Монакова ауылындағы Туысқандар зиратына қайта жерледік. Атаның топырағын ала келдім. Топырақты туған жердегі марқұм болған бауырларының қасына қойдым.

Кожахметов

кожахметов 5

Осылайша өз әсерімен бөліскен батыр ұрпағы Монакова ауылындағы зиратта 2500-дей жауынгердің жерленгенін айтады. Зираттағы сарбаздардың ерліктеріне жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін құрмет көрсетіп, тағзым етеді екен.

Суреттерді түсірген: Л.Сапарбекова