Қазығұртта Жеңістің 70 жылдығына орай жаңа кешен ашылды

1055

Оңтүстікте Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай түрлі бастамалар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Солардың бірі — Қазығұрт ауданында тағы бір тарихи нысан бой көтерді. Мұнда «Бабалар рухына тағзым» атты кешен ашылды.

11150709_1389131954747747_8210969270703574253_n

Тарихи кешеннің ашылу рәсіміне облыс әкімі Асқар Исабекұлы мен Қазақстан Ресупбликасы Парламенті сенатының депутаттары, ҰОС ардагерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Кешеннің ашулы сәтінде таспаны қию халық жазушысы Әбіш Кекілбаевқа бұйырды. Қаламгер халықтың қуанышымен ортақтасуға арнайы келген.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xeVzKja6DEg[/youtube]

Нұрсұлу Мейірбекова, Шарапхана ауылының тұрғыны: «Ұлы жеңістің 70 жылдығы қарсаңында осындай маңызды оқиғалар орын алып, кешеннің бой көтергеніне өте қуаныштымыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің есімі кешенде жазылған. Бұл — Қазақстанның тарихы. Өскелең жастар үшін де маңызы зор.»

IMG_9911
«Бабалар рухына тағзым» кешінінің қақ ортасында Түгейболат бабаның ескерткіші бой көтерген. Жан-жағына өзге де би-бабалардың өсиет-сөздері жазылыпты. Ал тас тақташаларға майданға аттанған ауданның 416 жауынгерінің аты-жөні қашалып жазылған.

тақташаларға Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің есімдері қашалып жазылған

IMG_9904

Нысанның бас сәулетшісі — Сатыбалды Қазыбек. Ал кешен идеясының авторы Бекет Тұрғараевтың айтуынша, ескеркіш орынның құрылысына мемлекеттен ақша сұралмаған.

Бекет Тұрғараев, кешен идеясының авторы, еңбек ардагері: «Қиындық  көп болды. Біз мұны жасаудан бұрын «Түгейболат» қайырымдылық қорын құрдық. Осы қорға елдегі кәсіпкерлер, бойында қазақтың қаны бар азаматтар қаржы құйды. Бұрын-соңды мұндай кешен бұл өлкеде болмаған.»

IMG_9902

Көпшілік кешендегі ескерткішке жетуі үшін 70 бірдей баспалдақты басып өтуі тиіс
Кешенге көтерілу үшін 70 бірдей баспалдақты басып өту керек

IMG_9914

 

IMG_9915

Ұлан-асыр шараға жиналған жамағаттың қарасы қалың болды. Олар тарихтың жаңғырып, ерліктің насихатталғанына куә болды.

Асқар Мырзахметов: «Тарихын танымаған, тегінен нəр алмаған тозады. Ұлы даламыз тарихқа да өсиет пен қасиетке де толы екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Міне, осы тарихы терең құндылықтарымызды бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, оны болашаққа аманаттау Елбасының Мəңгілік ел идеясымен ұштасып жатқаны көрініп тұр.»

Қазығұрттық ағайынның құрметіне еліміздің белгілі әртістері өз өнерлерін ұсынды. Халықтың өткенін, шежіресін бойына бұққан шығармалар да орындалды.

Ерлікке тағзым» кешеніне жету үшін 70 бірдей баспалдақты басып өту керек. Құрылысы 3 айға созылған нысанға 500 мың АҚШ долларынан астам қаржы жұмсалыпты.