Ардагерлер Астана мен Мәскеудегі шеруге аттанды

508

Астана мен Мәскеуде өтетін шеруге Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қатысатын ардагерлер жолға шықты. Олардың жалпы саны — 17 ардагер. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

001

Жеңістің 70 жылдығына орай екі елдің астанасында әскери шеруге ардагерлерді облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков бастаған топ шығарып салды. Теміржол вокзалында қарт жауынгерлерге үрлемелі әскери оркестр мүшелері мен туыстары, қатарластары мен жастар ақ жол тіледі.

002

Елордада өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларға Оңтүстік Қазақстан облысынан 16 ардагер қатыспақ. Ал Мәскеудегі шеруге баратын қазақстандық делегацияда алты ардагер болса, соның бірі — шымкенттік 91 жастағы ардагер Тулебеков Қаратай.

003

Бұл ардагерлерді облыстық басқармалардың өкілдері мен медицина қызметкерлері алып жүреді. Шеруге қатысатын ардагерлерге демеушілердің көмегімен бір үлгіде киім тігілді.

004

Айта кету керек, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 427 майдангер мен 21779 тыл еңбеккері ғұмыр кешуде.