Автотұрақтың әлегі-ай!

20-011

Шымкентте жаңадан бой көтерген әкімшілік ғимараттар, қонақ үйлер мен бизнес және сауда орталықтары көп-ақ! Көз тартады. Бірақ… жаңа нысандардың көбінде арнайы автотұрақ қарастырылмаған. Салдарынан тротуарлардың үстіне дейін шығып кеткен кейбір көліктер жаяу жүргіншілерге кедергі келтірсе, көше бойына ретсіз қойылған  автокөліктер кептеліс тудыруда. Осыған қарап отырып-ақ, паркинг мәселесі Шымкентте өзекті болып тұрғанын аңғару қиынға соқпайды.

20-013

Қайда қоямын?

Шымкентте автогаражың болмаса қиын. Неге десеңіз, кешкісін тұрғын үйдің ауласы автокөлікке лық толады. Ұры-қары көбейген мына заманда көлікті далаға қалдыруға да қорқасың. Сондықтан да амалсыз ақылы автотұрақтың көмегіне жүгінуге тура келеді. Алайда, мұндай автотұрақ үйіңнің іргесінен табыла қалса игі. Осындайда ақылы автотұрақтың да тапшылығы сезіледі. Бұл мәселенің бірі ғана. Себебі, ауруханаға, дәріханаға, дүкенге, мейрамханаға, тіпті мемлекеттік  мекемелерге бара қалсаңыз, көлігіңізді қоятын жер таппай айналсоқтап қаласыз. Өйткені, көбінде көлік қоятын орын қарастырылмаған. Болғанның өзінде, ақылы немесе көлік қоюға тыйым салынған. Нәтижесінде, кейбір пысықайлар сол маңдағы тұрғын үйлердің ауласын жағаласа, енді бірі ақысын төлеп  көліктерін көше бойына қоюға мәжбүр.

Жарқын БАЙДУЛЛАЕВ, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

– 2011 жылы қала бойынша 76 автотұрақ ашылды. Бұл тұрақтарға көлік тегін қойылады. Алайда базбіреулер жеке мүддесін көздеп, ол жерді ақылы автотұраққа айналдырып, пайда көруде. Айта кететін тағы бір мәселе, қаладағы кафелер мен мейрамханалардың алдындағы жерге «кафе клиенттері үшін арналған автотұрақ» деп қойылған тақтайшалар да заңсыз. Мейлі, ол автотұрақты жеке кәсіпкер өз қаржысына салса да, ол коммуналдық меншіктегі жер болғандықтан оған кез-келген азамат көлігін қоюға құқылы. Бірақ, жеке кәсіпкерлер нысанның жанына күзет қойып, көлікті қоюға рұқсат бермейді. 2013-2014 жылдары мәселенің мән-жайын баяндап талай рет ОҚО ІІД-не арызданған болдатынбыз. Құзырлы органдағылар рейд жүргізіп жатырмыз, заңсыздыққа жол берілмейді дегенімен, баяғы жартас сол жартас қалпында қалып отыр.

Есесіне, жол бойына көлігін қойған  жүргізушіні тәртіпке шақырып, айыппұл салмаққа құмбыл жол патрульдік полициясы көше бойын негізсіз ақылы автотұраққа айналдырғандарға көз жұма қарайтын сыңайлы.

20-012

150 теңгенің әлегі

Демалыс күндері темір тұлпарды тізгіндеп, қаланы аралап шықтық. Аралау барысында көшеде «адамнан гөрі көлік көп» деген ой түйдік.  Әсіресе, сенбі, жексенбі күндері базар маңынан  аяқ алып жүре алмайсың. Алайда, қолында ала таяғы бар, қызғылт күртеше киген жас жігіттер аз ғана тиын үшін автокөлікті қоятын жер тауып береді екен. Біздің жағдайда да дәл солай болды.

«Самал» базары маңындағы жігіттерге 150 теңге беріп, көлігімізді қойдық. Бірақ, базарды бір айналып келгенше көліктің артқы жағының сырылып қалғанын байқадық. Қызығы сол, жарты сағат бұрын алдымыздан шығып, «көлігімізді жайғастырған» жігітті таппай қалдық.

Мәселенің мән-жайын білмек болып, базар әкімшілігіне жолықтық.  Мұндағылар базардағы автотұрақ үшін жауапты маманға қарай жол сілтеді. Өзін Дархан деп таныстырған жігіттің өктемдігі өз алдына. Айтуынша, бұған дейін базардағы тұрақта ешқандай келеңсіз жағдай орын алмаған. Шағым айтып келгендер де болмапты-мыс.

Алайда ол қолайсыз жағдай орын алса мәселенің шешімін табуға болады дейді.  Бірақ, ол үшін көлік иесі автотұраққа келгенде реттеушіден ақысын төлегенін растайтын түбіртек сұрап, машинасын қабылдап алуын талап етуі керек екен. Сонда ғана автотұрақтағы тәртіпке жауап беретін мамандар жол полициясы қызметкерлерін шақырып, тұрақтағы бейнежазбаларды қарап оқиғаға кінәлілерді табуға көмектеседі.

Жоғарыда аталған талаптар орындалмаған жағдайда мұндағылар: «тұрақ ақысын төлемеу  үшін шығарылған шу» деген оймен сіздің уәжіңізді тыңдаудан бас тартып, шығарып салады.

Жарқын БАЙДУЛЛАЕВ, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

– 2011 жылы қала бойынша 76 автотұрақ ашылды. Бұл тұрақтарға көлік тегін қойылады. Алайда базбіреулер жеке мүддесін көздеп, ол жерді ақылы автотұраққа айналдырып, пайда көруде. Айта кететін тағы бір мәселе, қаладағы кафелер мен мейрамханалардың алдындағы жерге «кафе клиенттері үшін арналған автотұрақ» деп қойылған тақтайшалар да заңсыз. Мейлі, ол автотұрақты жеке кәсіпкер өз қаржысына салса да, ол коммуналдық меншіктегі жер болғандықтан оған кез-келген азамат көлігін қоюға құқылы. Бірақ, жеке кәсіпкерлер нысанның жанына күзет қойып, көлікті қоюға рұқсат бермейді. 2013-2014 жылдары мәселенің мән-жайын баяндап талай рет ОҚО ІІД-не арызданған болдатынбыз. Құзырлы органдағылар рейд жүргізіп жатырмыз, заңсыздыққа жол берілмейді дегенімен, баяғы жартас сол жартас қалпында қалып отыр.

Айтпақшы…

Ақылы автотұрақ жайында сөз қозғағанда  сауда орындарындағы паркинг мәселесін айтпай кетуге де болмас. Себебі, көптеген ірі сауда орындардарындағы автотұрақтар да ақылы. Мәселен, қаладағы «Мега» сауда орталығындағы тұраққа көлікті жарты сағатқа тегін қоюға болады. Ал одан кейінгі әр сағатқа 100 теңге төлейсің. «Гипер хаусқа» барсаң да сондай. Ал «Баян сұлу» сауда орталығына барғандар көлікті қайда қоямын деп бас қатырмайды. Себебі, мұндағы тұраққа көлікті тегін қоюға болады. Бірақ, көлігін 24 тәулікке қалдырғандар үшін тұрақ ақылы.

20-010

Ал осы кезде…

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер кез келген нысанның, ол жекеменшік мейрамхана, дүкен немесе ірі сауда орталығы болсын, жанындағы жер мемлекеттің иелігінде екенін айтады. Сәйкесінше, ол жерді ақылы автотұраққа айналдыруға ешкімнің құқысы жоқ.

20-009

Алайда, біз көпқабатты тұрғын үйлер мен ірі сауда орындарының, мейрамханалар мен дүкендердің құрылысы кезінде көлік қоятын орындардың қандай талап бойынша белгіленетінін біле алмадық. Себебі, осы мәселеге қатысты құзырлы мекеме – Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі біздің сұрағымызды жауапсыз қалдырды.

Айжан Ермекқызы

«Оңтүстік Рабата», №20, 20.05.2015