Бүгін Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Барлық аудан, қалалардан 126 тоннаның өнімі жеткізілген. Азық-түлік нарықтағы бағадан біршама арзан саудалануда. Алайда, жәрмеңкеге келген халықтың қарасы аса қалың емес.

vlcsnap-2015-05-05-18h13m55s94

Гүлжан Жанегізқызы жәрмеңкеге ерте келді. Алма, картоп, банан сатып алды. Ал ет сатып алудың реті келмеді дейді ол.

Жәрмеңкеде құлпынайдың саудасы қызды. Дәруменге толы жеміс 450-500 теңгеден саудаланып жатыр. Картоп – 90, пияз 110 теңгеден сатылды. Жауаптылар азық-түлік өнімдері нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан дейді. Ал жұртшылықтың жәрмеңкедегі бағаға көңілі толмады.

Бұл жолы жәрмеңкеде халық қарасы сирек. Тұрғындар мұны шараның жұмыс күніне тұспа-тұс келуімен байланыстырады. Сейсенбілік сауда сатушылардың да көңілінен шықпаған секілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YpjdnDvhXXg[/youtube]

Ал жауаптылар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі белгілеген кесте аясында ұйымдастырылып отырғанын алға тартады.

Айта кетейік, бұл жәрмеңкеге аудан, қалалардан 44 млн теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілген. Шымкенттіктерге 30 тонна ет, 17 тонна картоп, 64 тонна көкөніс, 2 тонна жеміс-жидек және жұмыртқаның 10 мың данасы ұсынылды.