Бадамда 20 жылдан кейін жол жөнделіп жатыр

347

Шымкент қаласына үш ауданнан қосылған елдімекен тұрғындары тегіс жолмен жүретін болдық деп қуанып отыр. Биыл қала әкімдігі орташа жол жөндеу жұмыстары барысында басымдылықты сол ауылдарға берген.

006

Шымкент шаһары бойынша биыл 70 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген жоспар бар. Соның бүгінгі таңда 30-да жұмыс басталды. Қала қазынасынан бұл жұмыстарға 35 млн теңге қаралған.

Бір ғана Бадам алабындағы үлкен 4 көшеде жол жөндеу жұмысы қызу жүргізілуде. Бұл елдімекендерде соңғы 20-30 жылда жолдар жөнделмеген. Құрылыс жұмыстарын 5 мердігер мекеме атқаруда. Әзірше 16 көшедегі жұмыстар аяқталған. Жасалған жұмыстар көпшіліктің көңілінен шығыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VoG85qWdpkA[/youtube]

Жалпы, жыл соңына дейін шаһардағы жолдарды орташа жөндеуге 1 млрд тенгеден астам қаражат жұмсалады. Одан бөлек 205 млн теңгеге 54 мың текше метр жол ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Бұл жұмысты екі мекеме қолға алған. Жұмысты тездету үшін қала басшылары шұңқырлары жамауды екі лотпен өткізіпті. Жылда бұл жұмыстарды бір ғана мекеме атқаратын.

Биыл өткен жылдармен салыстырғанда жол жұмыстарына қаралған қаражат аздау. Қаладағы басты көшелер жөнделген дейді басшылар. Сондай-ақ, саннан сапаға көшетін кездің де жеткенін тілге тиек етеді құрылысқа тапсырыс берушілер.

Нұрлан Жаңабай