Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Бауыржан Омарбеков еңбек жолын «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалының бөлшек бизнесін дамыту секторының клиенттермен жұмыс жүргізу менеджері болып бастаған. 2006-2015 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалында тұтыну несиелерін сату бөлімінің менеджері, «Тұран Әлем Банкі» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалында сектор меңгерушісі, әмбебап несиелендіру секторының координаторы, «БТА Банк» АҚ ШФ бөлшек несиелендіру бөлімінің бастығы, «Альянс Банк» АҚ директорының бөлшек бизнесі бойынша орынбасары болып қызмет істейді.
Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры қызметін атқарған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.
2015 жылдың сәуірінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі