Биылғы көктемдегі ауа райының құбылуы көкөністердің пісіп-жетілуіне кері әсерін тигізуде. Былтыр осы шақта Манкенттегі шаруалар жаздық картопты жинаған болса, биылғы өнім енді гүлдеп жатыр. Сондықтан көкөністі жинау маусым айының соңында қалуы мүмкін.
Сайрам ауданындағы «Манкент» шипажайына тиесілі 1 гектар жер алқабында картоп наурыз айының ортасында егілген. Оның күтімі осындағы шаруаларға жүктелген. Картоп түбі механикалық әдіспен қопсытылыпты. Осылайша топырақта өніп жатқан түйнектерге ауа барады дейді Данияр Нышанбаев. Енді шаруа — атыздарды суаруға дайындау.
Көкөністің жетілуіне ауа райының және түрлі зиянкестердің әсері барын шаруалар жасырмайды. Мәселен картоптың жауы колорад қоңызымен күресті дер шағында бастамасаң, жақсы өнім алу екіталай дейді осындағы агроном.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=R1gTN-MZhCc[/youtube]
Былтыр дәл осы кезеңде манкенттік шаруалар картоптарын жинауға кіріскен еді. Жетіліп-піскен картопты егін басынан сатып алғандар да болыпты.
Ауылдағы ағайын қандай қиыншылықтар болса да төзеді, таңсәріден күн батқанша аянбай еңбектенеді. Ауа райы қарасып, билік тарапынан шаруашылығын жүргізуге қаржылай қолдау көрсе, соған разы.
Шынар Оразова