Бозарықтан сайланған депутат халықпен кездесті

401

Бозарық, Бозарық 1, 2 және 3 шағынауданында көптен күткен ауызсу және жолаушылар көлігіндегі мәселелерде алға ілгерілеу бар. Осындағы халық сайлаған қалалық мәслихаттың депутаты Ғани Ахметбаев салаға жауапты мамандармен кездесіп, көпшіліктің пікірін тыңдады. Жиында сапасыз жүргізілген су жүйесін қалпына келтіру үшін мердігерлердің құжаттарын құқық қорғау органдарына жолдауға келісті.

001

Бозарық ауылындағы сапасыз жүргізілген су құбырын қалпына келтіретін мекеме табылмай отыр. Мұндағы су құбыры жүйесін «Сити строй» ЖШС жүргізген. Өткен жылдың желтоқсан айында құрылысшылар 3 мыңнан астам тұтынушы су ішетін жүйені толығымен «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС-не тапсырыпты. Бірақ су мекемесі жұмыс сапасыз, құбырлар жиі жарылады, соның салдарынын судың шығыны көп деген себеппен ауызсуды өшіреміз деген мәлімдеме жасады.

Алайда депутаттар да, халық та «Су ресурстары — Маркетинг» мекемесі өкілінің пікірімен келіспеді. Кінәліні анықтап, шара көруді талап етті. Су жүйесіндегі ақауды анықтап, қалпына келтіруге мердігерді міндеттеу қажет деді.

Бұдан бөлек көпшілік жергілікті басшылардан қоғамдық көлік мәселесін шешіп беруді сұранды. Бұрынғы саяжайда бүгінде халық көп. Жаңа құрылыстар салынып, қоныстанған жерлестеріміз жетерлік. Ал бір ғана №71 автобус жеткіліксіз дейді ауыл адамдары.

[youtube]https://youtu.be/lCMymtHkdG0[/youtube]

Бұл мәселеде де қалалық мәслихаттың депутаты көмек қолын созуға уәдесін берді. Ал көлік компаниясының басшысы шағын автобустарды бірінші маусымға дейін сыйымдылығы үлкен көліктерге алмастыруға келісті.

Нұрлан Жаңабай