Екі жеткіншек Сырдарияға батып кетті

477

Сарыағаш ауданындағы Жамбыл ауылының бірнеше отбасы үшін 1 мамыр мерекесі қайғылы аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағы хабарлайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TaMVsux8lz4[/youtube]

Төрт жас жігіт тасып жатқан дарияда моторлы қайықпен жүзіп өтпек болады. Алайда, ол саяхаттары сәтсіз аяқталып, төртеуі де суға құлаған. Соның салдарынан 15 және 16 жасар екі бозбала тұншығып, мерт болады. Ал қалған екеуі жағаға өз беттерімен жүзіп шыққанымен, қазір аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Достарының өлімі туралы үлкендерге хабар берген де солар.

001

Бұл жайында суыт хабар кезекші-құтқарушыларға 1 мамыр күні сағат 20:15-те түседі. Жергілікті халықтың өтініші бойынша облыстық төтенше жағдай департаментінің судан құтқару жасағы шұғыл аттанған. Сүңгуірлер бозбалаларды төрт жарым сағат бойы іздейді. Алғашқы мәйіт қайғылы оқиға орнынан 400 метрден табылса, екінші жасөспірімнің денесі ағыспен төмен қарай 500 метр жердегі тамырға ілініп қалыпты.

Қазіргі таңда мамқұмдардың денесі Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне тапсырылған.

Құтқару жасағының ресми өкілі Павел Вишениннің мәліметінше, жыл басынан бері облысымызда осымен 8 адамның өмірін су жалмаған.

Өткен жылы дәл осы уақытта 5 адам суға кетіп ажал құшқан болатын. Ал шомылу маусымы әлі басталмады. Құтқарушылардың айтуынша, суға кеткендердің көбісі — жүзе алмайтындар.