Кәсіпкерлікті қолдау қалай жүзеге асады?

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының мақсаты – тиімді шағын несиелендіру жүйесін дамыту арқылы ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту. Осы тұрғыда, облыс тұрғындарына  несиелеу және оларды алу механизмдері туралы ақпарат беруді жөн санадық.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы облысымызда кеңінен жүзеге асырыла бастағанымен, әлі де болса ауыл тұрғындары арасында «бұл бағдарлама қалай жүзеге асырылады, несиені қалай алуға болады?» деген сұрақтар туындап жатады.

018-004

Сонымен бағдарламаға кімдер қатыса алады? Оған республика азаматтары және оралмандар – жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және қатысу басымдылығы бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары қатысуына болады.

Аталмыш бағдарлама бағыттарының бірі — шағын несиелеу болатын. Несие беру «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы тарапынан жүзеге асырылады. Қор несие алуға үміткерлердің жеке арызы негізінде несиелеу тарихын және кепіл мүлкінің құжаттарын тексеріп, оған несие беру немесе бермеу туралы тұжырымдама береді.

Бес жұмыс күнінің ішінде несие беру туралы шешім шығарылған жағдайда, үміткермен кепіл шарты жасалынады. Кепіл шарты Әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін ғана қарыз шарты жасақталып, үміткердің жеке есепшотына аударылады.Бюджеттiк несиенiң нысаналы мақсаты жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту болып саналады. Жалпы, алынған несие  мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын мүлік алуға, сондай-ақ, сауда қызметін жүзеге асыруға берiлмейдi.

Розақұл Ахмадалиев
Розақұл Ахмадалиев

Несие 6 пайыз жылдық сыйақы, 6,7 пайыз жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен 4,5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ал, несиенің ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды. Алынған несиені мерзімінен бұрын қайтарған қарыз алушыларды 5 000 000 теңгеге дейін қайтадан қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылады.

Несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге несиенің негізгі борышына жеңiлдiк кезеңі ұсынылуы мүмкiн.

Қазір облыс деңгейінде осы бағдарлама аясында шағын несие алып, ойға алған кәсібін іске асырып, берекелі іс қылып отырғандар бар.

«Құжаттар жинауда қиналмадым»

Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылындағы жеке кәсіпкер Розақұл Ахмадалиев  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы шағын несиеге қол жеткізгендердің бірі.

018-002

– Күнделікті тапқан табысым балашағаның тамағынан артылмай, жеке кәсіппен айналысудың реті болмай қойды. Таныстарым арқылы бағдарлама бойынша шағын несие беріліп жатқаның естіп, тиісті жерге бардым. Құжаттар жинауда қиналғаным жоқ. Мамандардың айтқан құжаттарын уақытында апарғандықтан, несиеге қолым  тез жетті, – дейді жеке кәсіпкер Розақұл Ахмадалиев.
Өткен жылдың желтоқсан айында Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3 млн теңге несие алған болатынмын.  Төрт жарым жылға алынған несиені әр 6 ай сайын төлейтін боламын. Қор тарапынан жасалынып жатқан бұл шара ауыл кәсіпкерлері үшін қолжетімді болып тұр. Біріншіден, кәсіпкер өз шаруасын қалағанындай жүргізсе, екіншіден,  түскен пайда есебінен кәсібін ұлғайтудың мүмкінідігі туады.

Бүгінде несиеге сатып алынған  15 бас бұқаны бордақылап, бағуын баптап отырмын. Семірген бұқаларды жергілікті мал сою цехында өткізіп, ол ет еліміздің солтүстік аймақтарына жөнелтіледі. Әр бастан кемінде 50-80 мың теңгедей пайда көріп отырмын.  Мұның өзі жағдайымды жақсартып, мал басын көбейтуге зор септігін тигізеді.

– Малды күтіп-баптауға не қажет?

– Малды сатып алған күні оның дені сау болуы үшін тиісті дәрі-дәрмектерді салғызу керек. Мәселен, ірі қараға әуес  аусыл, қарасан тағы сол сияқты аурулардың алдын-алу үшін вакцина еккізуге болады.

Мұратжан Тошиев
Мұратжан Тошиев

 

Мұратжан Тошиев, жеке кәсіпкер:

– Бағдарлама бойынша алғаш рет несие алып отырмын. Несиеге еліміздің солтүстік аймағынан келген 16 бұқаны алдым. Бұқалар біздің жаққа тез жерсінді. Апта сайын мал дәрігерлерін шақырып, аурулаға қарсы дәрі-дәрмектерін салдырып тұрамын. Жалпы, малдың жағдайы жақсы.

«Екі қолға бір күрек тауып» беріп отырған мемлекеттің бұл іс-әрекеті өте орынды. Өйткені,  өз кәсібін аша алмай отырған қаншама адамдарға мол мүмкіндік сыйлады. Сондықтан да, осынау игі шаралардың ғұмырлы болғанын қалаймын.

Алдағы уақытта мал басын көбейткім келеді. Өз кәсібімнен нәсіп тауып қана қоймай, әлеуметтік ахуалдың жақсаруына үлесімді қоссам деген ниеттемін.

Малдың тәбетін ашуға әр үш күн сайын 10 граммнан балық майы беріледі. Мұнан соң, бұқаны семіртетін түрлі дәрумендерді де уақтылы берген дұрыс. Күнделікті бағым кестесі бойынша шрот, шелуха, кебек, сечка (бидайдың майдаланғаны), пісірілген бидай беруге болады. Ал, жоңышқа, пішен шөп және сабанды ауыспалы түрде салып тұруға болады. Жалпы, бір бұқаның семіруіне 5 ай жұмсалады.  Бордақыланған бұқа шамамен 250-300 келі салмақты тартады. Бұл деген сөз союға жарамды.

Дәл осындай кәсіптен нәсібін тауып отырған жеке кәсіпкер Мұратжан Тойшиевтің де пікірін білген едік.

«Оңтүстік Рабат», №18, 06.05.2015