Оңтүстікте еңбек қауіпсіздігінің ережелері сақталмай жүр. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы өкілдері мен кәсіподақ комитетінің мамандары қатысқан жиында айтылды.

 

Басқосуға келген кәсіподақ мүшелері педагогтардың қызметтен босатылуы кезінде және білім ошақтарының басшылары тағайындалар кезде қатыстырылмай қалатындарын жасырған жоқ.

8105

Олардың сөздеріне сенсек, бұл бірінші жағдай емес, қауіпсіздік шараларын құнттамауға аудандағы білім басшылары да көз жұмып қарайды. Кеңесте комитет төрағаларының уәжін облыстық білім басқармасының өкілдері тыңдады.

Қайрат Арап, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы: «Түркістанда, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарында, Шымкент қаласында да, өкінішке орай, осындай оқиғалар тіркелуде. Мысалы, арыз-шағымдардың көпшілігі осы жөнінде болып отыр. Енді осы арыздар бойынша аудандық білім бөлімі мен мектеп басшыларына арнайы нұсқау хат жолданады.»

8103

Түйткілді мәселе айтылудан бөлек басқосуда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз еткен кәсіподақ төрағалары марапатталды. Оларға еңбекті қорғауда қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды.

Айта өтейік, бүгінде облысымызда 1022 мектеп бар. Олардың әрқайсысында кәсіподақ комитеттері қызмет етеді.