Оңтүстік Қазақстан аумағында «Мәдениетім — мерейім» облыстық өнер фестивалі өткелі жатыр. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шымкентте Қазақ хандығының — 550, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Конституциямыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай 2015 жылдың 21 мамыр — 27 маусымы аралығында «Мәдениетім-мерейім» облыстық өнер фестивалі өтеді.
Сонымен қатар 21 мамыр күні сағат 19:30-да облыстың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы алаңда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтпек. Онда «Мәдениетім-мерейім» облыстық байқаудың алғашқы қатысушысы — Сайрам ауданының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетеді деп күтілуде.
Сайрамдық өнерпаздар сағат 16:00-де облыстық өзбек драма театрында халық театрының қойылымын қойып, сағат 19:30-да жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы алаңда көрмелер мен концерттік бағдарламалар ұсынбақ.
Толығырақ — мына сілтемеде