«Мәдениетім — мерейім» өнер байқауы басталды

506

Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков барша мәдениет саласының қызметкерлерін құттықтап, облыс әкімінің алғыс хатымен бірқатар еңбегі сіңген өнер қайраткерлерін марапаттады. Бұл туралы обыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

004

Мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген мәдениет қызметкерлеріне облыстық мәслихаттың грамоталары мен облыстық кәсіподақтың, облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттары тапсырылды.
Сонымен қатар, аудан, қалалардағы мәдениетті кеңінен насихаттау мақсатында облыстық «Мәдениетім-мерейім» өнер фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

005

Бұл байқау биылғы айтулы даталар — Қазақ хандығының — 550, Жеңістің 70 жылдығы, ҚР конституциясы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Облыс орталығы Шымкентте 21 мамыр мен 27 маусым аралығында өтетін фестивальге әрбір аудан, қала тақырыпқа сәйкес өз өңірінің ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық салт-дәстүр мен ойындарға байланысты 1,5 сағаттан аспайтын түрлі бағдарламалар ұсынады.

006

Фестиваль аясында облыстық театрларда көрермендердің қатысуымен «Халықтық» атағы бар театрлардың спектакльдері қойылады.