Оңтүстікте Италияның алмасы өсіп келеді

312

Бұйыртса, келесі жылдан бастап жергілікті халық италияндық алманың дәмін тата алады. Сарыағаш ауданында 15 гектар жерге бау егілген. Шаруалар алма көшеттерін күнгей Италиядан арнайы алдырыпты.

002

Кәсіпкер Жомарт Әбдімаевтың айтуынша, бұл көшеттер сәуір айында егілген. Бір ай уақыт өтер-өтпесте көшеттер адам бойымен бірдей өсіп, түйіндей байстаған.

Жомарт Әбдімаев, «Ынтымақ — Бес арыс» ЖШС директоры: «Бау егуді біз алғаш болып қолға алып отырмыз. Италиядан әкелген көшеттерді 15 гектар жерге ектік. Осы тұста біздің климатқа неғұрлым жақын келетіндерін таңдадық. Италияндықтардың өздері келіп, көрді. Айтуларынша, біздің жер Италияға қарағанда құнарлы дейді. Енді, бұйыртса, күзде тағы 15 гектар жерге көшет егуді жоспарлап отырмыз.»

Сарыағаштық шаруалар келер жылдан бастап қомақты өнім жинайтындарына сенімді. Ағаштар нығайып жетілген соң, жеміс береді. Өскіндерді күтіп-баптау арнайы технология бойынша іске асады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=IMX5GavMYvQ[/youtube]

Кәсіпкер алма бағына өз қаржысына өсіріп отыр. Әрбір гектардың шығыны орта есепен 1 миллион екі жүз мың теңгені жуықтайды. Жергілікті атқамінерлер биыл қаржылай қолдау көрсетіп, мемлекеттік субсидияға қол жеткізуге уәде беріп отыр.