Облыс әкімдігіндегі «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев журналистерге арнайы брифинг өткізіп, ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін насихаттау мен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы іс-шаралар жоспарының таныстырылымын өткізді.

007

Атап айтқанда, маусым айында шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және әкімшілік кедергілерді азайту мәселелеріне арналған форум өткізілсе, қыркүйекте халықаралық ІІ инвестициялық форум өз жұмысын бастамақ.

Осы форум аясында тамақ өнеркәсібіне арналған халықаралық көрме өтеді. Ал қазан айында тігін өнеркәсібі құрал жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылмақ. Қараша айында ауыл шаруашылығы техникалары мен өсімдік және мал шаруашылығында қолданылатын жабдықтар көрмесі, «Транспорт, логистика және инфрақұрылым» халықаралық көрмесі мен форум өз жұмысын бастамақ.

Сондай-ақ, биыл облыс кәсіпкерлері Ұлыбритания, Италия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Жапония елдеріне барып, өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады деп күтілуде.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі