Оңтүстікте «Жасыл ел — 2015» байқауы өтті

476
Фото: //artdeadline.ru

Шымкент аграрлық колледжінің мамандары «Жасыл ел — 2015» облыстық байқауын ұйымдастырды.  Оған оннан астам арнаулы оқу орындарының студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: //artdeadline.ru
Фото: //artdeadline.ru

Бұл байқаудың басқаларынан ерекшелігі — оған ландшафтық дизайнды және өсімдіктер мен гүлдерді өсіруді шебер мегерген студенттер қатысып отыр. Олар жарыс кезінде айналаны көркейту мен гүлдендірудің тың тәсілдерін ұсынды.

Байсерік Исабеков, ұйымдастырушы: «Сәндік гүлдің түрі көп. Оларды таңдай білудің өзі өнер. Гүлдерді таңдап, солардың бір-бірімен үйлесімділігін табу — оңай емес. Оқушыларға гүлдендіру, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын өздеріне істетсек, сол ландшаф дизайнын өздері ой елегінен өткізіп, ізденсе, сол естерінде қалады.»

Жалпы сайыс 5 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар эмблемалары мен шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Екінші кезеңде «Теориялық білімін шыңдау» үшін арнайы сұрақтарға жауап берді.

Ал сайыстың үшінші кезеңінде оннан астам гүлдің физиологиясы мен қоректену аясын зерттеді. Төртінші және бесінші сатыларында ландшафтық дизайн сызып, көгалдандырудың жан-жақты қырларын көрсетті.

Бибіжар Мұратия — Шымкент аграрлық колледжінің 3 курс студенті. Болашақта ол аграном маманы атанады. Бүгінгі байқауда сәндік гүлдерді өсіру технологиясы бойынша жобасын ұсынды.

Бибіажар Мұратия, студент: «Ең бастысы — жеңіс емес. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасу. Топырақты қолданбаймыз. Су қолданбаймыз. Гидрогельді пайдалану арқылы гүлді өсіреміз. Әдемі болып өседі. Экономикаға өте тиімді.»

Байқау нәтижесінде бірінші орынды Шымкент аграрлық колледжінің студенттері иеленді. Ал екінші орынға Шардарадағы №16 колледждің студенттері тұрақтады. Ал жүлделі 3-орынды сайрамдық қатысушылар місе тұтты. Айта кетейік бұл жоба алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.